Тұрсынбек Қабатов қызына қатысты тағы да пікір білдірді
Белгілі сатирик осы апта отбасы үшін оңай болмағанын айтты
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Instagram желісінде отбасына қатысты соңғы жаңалықтың қалай ауыр тигенін айтып, құқық қорғау органдары істің ақ-қарасын ажыратып беретінене сенімді екенін жазды.
«Қадірлі достар, осы апта біздің отбасымыз үшін оңай болған жоқ. Ең қиыны - жаныңды ауыртатын жалаға қалуың екен. Адамның алдында да, Алланың алдында да арым таза!
Алдағы уақытта құқық қорғау органдары дүйім жұртқа ақ-қарасын ашып айтады деп ойлаймын.. Осындай жүрек-жүйкеңе салмақ түскен кездерде маған сеніп, қолдау білдірген аға-бауыр, әпке-қарындастарыма және оқырмандарыма алғыс айтамын! Қасиетті жұма мүбәрак болсын!!!» - деп жазды сатирик.
Еске салайық, 15 тамызда Абзал Құспан есімді заңгер танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Аманғалидың орнына ҰБТ-да тест тапсыруға басқа адам кіргенін жазды. Оның айтуынша, 13 маусым күні Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге ЕНУ-дың 2 курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген. Тұрсынбектің қызы жалған құжат жасатқан.