ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Дәріханада есірткі сатып жүрген фармацефт ұсталды – ШҚО

1 805 700 теңге сомасына айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында дәріханалардың бірінде есірткі сатып келген фармацевт ұсталды, деп хабарлады Altaynews.kz.

3 тамызда ШҚО полиция департаментіне есірткіге тәуелді және кәмелетке толмағандарға «трамадол», «ропикамед» препараттарын рецептісіз сатып жатқан Новаторов көшесіндегі дәріханалардың біріне қатысты шара қабылдау туралы ұжымдық арыз келіп түскен.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аталған арызды тексеру мақсатында аталған дәріханадан «тропикамед» препаратын 1200 теңгеге сатып алады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 48 жастағы фармацевт ұсталды, одан 11 дана «тропикамед» препараты тәркіленіп, «Трамадол» препаратының 2 данасы, сондай-ақ жалған «сатып алушыдан» өтем үшін алынған 1500 теңге сомасындағы қаражат алынды.

Дәріхана иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал ШҚО медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне жолданды.

Барлығы 1 805 700 теңге сомасына айыппұл салынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабының 2-бөлігі бойынша дәріханаларды қайта тартқан кезде сот шешімі бойынша қызметін тоқтата отырып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.