13.08.2021, 09:42
Қоғам
Вакциналау паспортын сатып алған павлодарлық ауыр халде жатыр
Ол туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады
Павлодарда вакциналау паспортын сатып алған әйел адам ауыр халде жатыр. Ол өзіне және туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов ӨКҚ-да өткен брифингте мәлім етті.
«Кардиологияда жалған төлқұжат алған әйел жатыр. Ол туыстарына төлқұжат сатып алғанын мойындады. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді Айдар Сейтқазинов.
Спикер өңір тұрғындарын жалған вакциналау паспортын алмауға шақырады.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)
07.09.2026, 16:45
Алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады – «Қазгидромет»