Алғашқы қоңырауға тек І сынып оқушылары қатыса алады - БҒМ

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл 380 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа барады

көрнекі фото: elorda.info

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі Үкімет отырысында Білім күнінде ұйымдастырылатын алғашқы қоңырау шарасына тек 1-сынып оқушылары ғана қатыса алатынын айтты.

«Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға «Әліппе» және «Букварь» сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады», - деді министр.

Еске салайық, 2021-2022 оқу жылында Қазақстанда 380 мыңнан астам оқушы 1-сыныпқа барып, мектеп табалдырығын аттайды. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі.