04.08.2021, 11:36
Қоғам
Жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді
Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан бастап күшіне енеді
көрнекі фото
Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді. Тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі. Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.
Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды