Тұрғындарды 300 млн теңгеге алдап-соққан 28 жастағы алматылық қамауға алынды
Үш көлік заттай дәлел ретінде заңды иелеріне қайтарылды
Шілденің өзінде полицияға 20-дан астам адам алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, П. есімді ер адам кепілге қойылған автокөліктерді қымбаттатылған бағамен сатамын деген. Жәбірленушілердің сеніміне ие болып, олардың көліктерін алып, оны дереу үшінші тұлғаларға арзан бағамен қайта сатқан. Бірнеше көлікті сатып жіберген алматылық адамдардың сеніміне кірген және олар оған ақша беріп, таныстарына кеңес бере бастаған. Ақшаны алғаннан кейін бастамашыл жігіт белгісіз бағытқа жасырынған. Ал түскен қаражатты өз қалауы бойынша пайдаланды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы азамат ұсталды. Қазір қызметкерлер алаяқтықтың 20 фактісін дәлелдеді. Келтірілген шығын – 300 миллион теңгеден астам. Осы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде 190-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Үш көлік заттай дәлел ретінде заңды иелеріне қайтарылды. Тағы бірнеше көлік тәркіленіп, заттай айғақ ретінде айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.
Жоғарыда аталған азаматтың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алатау ауданының полиция бөліміне мына телефондар арқылы хабарласа алады: 393-40-73, 393-40-69 немесе 102.