Қазақстанда коронавирустың тәуліктік жұғу көрсеткіші антирекорд жаңартты

Автор: Azattyq Rýhy

Алматыда аурудың таралу қарқыны артып келеді

Tengrinews.kz

Қазақстанда өткен тәулікте 7479 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz порталы.

Ауырғандардың дені Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында. Жалпы, аймақтар бойынша жағдай төмендегідей:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 1571
  • Алматы қаласы – 1450
  • Шымкент қаласы – 445
  • Ақмола облысы – 238
  • Ақтөбе облысы – 230
  • Алматы облысы – 270
  • Атырау облысы – 424
  • Шығыс Қазақстан облысы – 298
  • Жамбыл облысы – 197
  • Батыс Қазақстан облысы – 198
  • Қарағанды облысы – 1011
  • Қостанай облысы – 224
  • Қызылорда облысы – 175
  • Маңғыстау облысы – 220
  • Павлодар облысы – 251
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 145
  • Түркістан облысы – 132.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 557 107 адамды құрады. Олардың ішінде 462 912 науқас ауруынан айығып шыққан.