$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2021, 09:44
Қоғам

Мүгедек жандардың құқығы 2 мыңға жуық рет бұзылған - Еңбек министрлігі

7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды

Мүгедек жандардың құқығы 2 мыңға жуық рет бұзылған - Еңбек министрлігі
көрнекі фото

Биыл алты айда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттері жүргізген тексеру барысында әлеуметтік инфрақұрылымның 379 нысанында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңдарын 1918 рет бұзу дерегі анықталды.

Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, мәдениет және көліктік қызмет көрсету салаларындағы нысандарда заңбұзушылықтарды анықтау бойынша, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаны қамтамасыз ету тұрғысынан 469 бақылау іс-шарасы өткізілді. Осы орайда 312 тексеріс жоспарлы алдын алу-бақылау аясында және 157-сі азаматтардың өтініштері негізінде жоспардан тыс жүргізілді.

Тексеру қорытындысы бойынша «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 1603 бұзылуы және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңының 315 бұзылуы анықталды.

Бұл ретте 1,5 мыңнан астам заңбұзушылық мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына, мәдени-ойын-сауық ұйымдары мен спорт ғимараттарына кіріп-шығуын қамтамасыз етпеумен байланысты болып отыр.

Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және оларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында анықталған заңбұзушылықтарды жоюға 379 нұсқама берілді, олардың 71-і бойынша жалпы сомасы 7,4 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары