Даррен Диц көпшілікке қалыңдығын көрсетті
«Барыс» хоккей клубының капитаны Даррен Диц өзінің сүйіктісімен бірге түскен фотосын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еске сала кетейік, аз уақыт бұрын канадалық хоккейші Қазақстан азаматтығын алған еді. Енді әлеуметтік желі қолданушылары Дарренді енді «Дәурен» деп атау керек дейді.
«Спорт-Экспресс» деректері бойынша Даррен Диц «Барыста» жылына 580 миллион теңге табыс табады.