14.07.2021, 12:29
Қоғам
Қазақстандық блогер ЛГБТ жалауын өртеді
Видеоролик әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр
Қазақстандық блогер Мерей Жолшы ЛГБТ жалауын өртеп, оның видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Жас жігіттің әрекеті желі қолданушыларын екіге бөлді.
Видеороликте Мерей Жолшы тек жалауды ғана емес, балаларға арналған ойыншық – попитті де өртейді.
«Ермен ердің, әйелмен әйелдің жұп болуы кез келген дінде жек көрілген амал. Аллаһтың лағынетіне ұшырағандарға біздің текті елде орын болмауы қажет. Себебі, қазақтың мықтылығы – тектілігінде», - деп жазды блогер өзінің Instagram-парақшасында.
Мерей Жолшының бұл видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бір тәулікке жетпейтін уақытта видеоға 400 мыңға жуық адам «лайк» басып, 15 мыңдай коммент жазылды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды