$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2019, 12:24
Қоғам

Атырау облысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ол 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталуда

Атырау облысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді
фото: Батыржан Беспаев

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады күдікпен Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Ол жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысынан қызмет бабында алға жылжуы және жалпы қамқорлығы үшін талап етілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктеледі», - делінген хабарламада.  

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.  

Серіктес жаңалықтары