ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Түркістан облысында жоғалып кеткен екі студентті іздеу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

7 адамның үшеуі тірі, екеуінің денесі судан табылған еді

Түркістан облысында құтқарушылар тауда жоғалып кеткен екі адамды іздеу жұмыстарын тоқтатқан жоқ деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іздеу жұмыстарына 127 адам, 15 дана техника, 3 квадрокоптер, иіссезгіш иттер және 1 тікұшақ жұмылдырылған. Әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже берер емес.

Еске салайық, 7 студент Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі аумағында жоғалып кеткен болатын. 21 мамырда тауға кеткен жас балалар 24-не кері қайтуы керек болған. Алайда, олардан хабар болмаған соң туыстары құтқарушыларға хабар беріп, іздеу жұмыстары 26 мамырда басталды. Бірер күн өткен соң жетеудің үшеуі аман-есен табылды. Ал, 29 мамырда екі туристің денесін құтқарушылар өзен жағасынан алып шықты. Қалған екі бала әлі табылған жоқ. 8 маусымда құтқарушылар оларға тиесілі рюкзакты тапқан еді.

Жанар Амангелді, Нұр-Сұлтан