Коронавирус матрицасы: «қызыл» аймақта бір ғана өңір қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

9 маусымдағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта бір ғана өңір тұр - Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары;

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

9 маусымдағы мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 22 821 адам емделуде, олардың ішінде 7 640 пациент стационарда, 15 181 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 538 адамның жағдайы ауыр;
  • 114 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 81 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.