$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.06.2021, 20:29
Қоғам

«Сенімсіз екпені адамға екпейміз»: ғалымдар QazVac-ты сынағандарға жауап берді

Олар препараттың барынша қауіпсіз екеніне сенімді

«Сенімсіз екпені адамға екпейміз»: ғалымдар QazVac-ты сынағандарға жауап берді
Kapital.kz

Осыған дейін «Медсаппорт.кз» қауымдастығының ғалымдары мен дәрігерлері елімізде шығарылған QazVac вакцинасының тиімділігіне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген еді. Олар «отандық екпені ойлап тапқандар әлі күнге дейін сынақ нәтижесін жариялап, ғылыми мақала жазған жоқ» деп шүйліккен деп хабарлады «Хабар-24».

Бүгін осы вакцинаны әзірлеген ғалымдар әлгі қауымдастық өкілдеріне жауап берді. Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 60 жылдан бері вакцина шығарумен айналысып жүргендерін айтады. Олар «сенімсіз екпені жаппай қолданысқа енгізбейміз» деп сенімді сөйлеп отыр.

«КазВакты» да дәстүрлі әдіспен дайындадық. Ал ондай тәсіл ондаған жылдар сыналған», - дейді.

QazVac-ты өндіру барысында электронды микроскопия арқылы вирустың морфологиялық тұтастығы мен қауіпсіздігі бірнеше рет тексерілген екен. Екпені жануарлар мен еріктілерге сынап көрген. Барлығында коронавирусқа қарсы антидене пайда болғанын айтады.

Серіктес жаңалықтары