Қызылорда облысында да 500-ге жуық мал аштан қырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін Маңғыстау облысында осы жағдай қайталанған

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысының Арал ауданында 480-нен астам түлік қырылып қалды деп хабарлады Хабар-24. Оның басты себебі – қуаңшылық.

Көбіне қыстан әлсіреп шыққан малдың суаттар жанында өлген жағдайы байқалған. Ветеринария мамандары аудандағы елді мекендерді аралап, өлген малдан сынама алып жатыр.

«Аудандағы мал басына есептегенде 7520 тонна шөп қажет етіп отырмыз. Ауданға шөп тасымалын ұйымдастыру үшін көршілес Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, сонымен қатар Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - дейді Арал ауданы әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Еске салайық, бұған дейін де Маңғыстау облысында мыңдаған жылқы жұттан қырылған еді.