$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.06.2021, 16:43
Қоғам

Алматыда азаматтарға 186 млн теңгеге жуық залал келтірген алаяқ сотталды

Ол 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды

Алматыда азаматтарға 186 млн теңгеге жуық залал келтірген алаяқ сотталды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2019 жылдың тамызында 69 адам Дилфуза Алдабергеноваға қарсы, алдап соғу нәтижесінде, оларға жалпы сомасы 185 миллион 802 мың 400 теңгені құрайтын материалдық залал келтірілгендігі туралы ұжымдық мәлімдеме жасаған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлігі, 1,4-тармағы бойынша тірккеуге алынған.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың маусым айынан бастап 2019 жылдың қыркүйек айына дейін Алдабергенова әлеуметтік желілер арқылы инвестициялық жобаның ашылатындығын жариялады. Жобаның мәні - букмекерлік кеңселерге, сондай-ақ, әр түрлі бизнес-жобаларға ақша салу арқылы қаражатты көбейту. Осылайша, салымшылар 30% және 50% пайда табу үшін банк карталары арқылы ұйымдастырушыға және басқа адамдарға қаражат аударып, бірақ ешпайда таппады. Алдабергенова салынған қаражатты қайтармаған. Тергеу барысында күдікті ұсталып, сот шешімімен қамауға алынды», - деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Әбдрахманов.

Тергеу барысында Дилфуза Алдабергенованың кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу куәландырылып, олардың материалдары сотқа жіберілді. Алмалы аудандық сотының судьясы Д.А. Алдабергеноваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы және ҚР ҚК-нің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша және 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.

Еске салайық, 2019 жылы Growth of Capitals қаржы пирамидасын құрған апалы-сіңлілі Дилфуза мен Дилноз Алдабергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары