ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Елорда әкімдігі 35 құрылыс компаниясына үлескер болмауға шақырды

Үлескер ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімі жарияланды

көрнекі фото

Елорда әкімдігі құрылыстың бастапқы сатысында үлескерлердің ақшасын тартуға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдарының тізімін жариялады. Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы айналып өтіп жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардан сақ болуды сұрайды және рұқсат құжаттары болмаған кезде тұрғын үй сатып алуды ұсынбайды.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз тартуға тыйым салынады, бұл ретте ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

«BS Company» ЖШС (Би Эс Компани) - Комсомольский т.а. ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй, Қыз Жібек көшесі, 30/1;

«White Gold Development» ЖШС - Салынған үй-жайлары және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, № 26 және № 36 жобалық атауымен тұйық көшесі;

«First LQ» ЖШС - Қабанбай батыр даңғылы мен 277-көше қиылысындағы ЖҮ және паркингі бар КТК;

«Градум Строй» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Ш. Қалдаяқов, №44 көшелердің және Тәуелсіздік даңғылының қиылысы, «Золотая миля»;

«Техмонтажстрой» ЖШС - көпфункционалды тұрғын үй кешенінің 1-кезегін салу, Тәуелсіздік даңғылы мен Ш. Қалдаяқов көшесінің қиылысы;

«Байтас инвест» ТҚК - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Комсомольский т.а., Ақан сері к-сі, №53 учаскесі, «One house»;

«Ер-Тау» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Кенесары мен Т.Шевченко көшелері, «Шавгар»;

«Devolopment Building Group» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, І. Омаров к-сі;

«Лея» ЖШС құрылыс компаниялары тобы - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А 62 және А91 жобалық атаулары бар көшелердің қиылысы. «Лея station city»;

МТС құрылыс компанияларының тобы «KENAR Invest» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Ш. Айтматов көшесі Е367, Е431 шаршысында;

Хасенова Бибисара Закириевна - Тельман т.а. ЖҮ және паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Е 116 к-сі;

«Жер Билдинг» ЖШС - салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені және паркингі бар бизнес орталық, Есіл ауданы, Е 430 көшесі. «Табысты»;

«Арзан 777» ЖШС - А. Байтұрсынов және А85, А86 көшелерінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, «Алтын Отау»;

«Строй-Инвест-Групп KZ» ЖШС (Жанұя инвест құрылыс компанияларының тобы) - Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешені Алматы ауданы Тәуелсіздік даңғылы, 34/8-үй, «Сапсан»;

«Mars project» ЖШС (Жанұя инвест құрылыс компанияларының тобы) - Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп функционалды тұрғын үй кешені Алматы ауданы, А85,А86,а91, «Қазанат-2 кезек»;

«РДМ-СЕРВИС» ЖШС (Стройкласс құрылыс компанияларының тобы) - Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Е 126 және Е 182 көшелерінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй кешені (жобалық атауы), «Hokkaido» (Хоккайдо);

(Стройкласс құрылыс компанияларының тобы) - Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы мекенжайы бойынша орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені, Қорғалжын тас жолы / Е көшесі 128, «Satti Jol»;

«Mainstreet» ЖШС - Алматы ауданы, көппәтерлі тұрғын үй кешені, Б. Майлин 6  көшесі, «Парус»;

«Береке Қурылыс 2030» ЖШС - коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй, Нұр-сұлтан қаласы, Пригородный тұрғын алабы, Қабанбай батыр даңғылы ауданы;

ASTI Group Құрылыс компаниялары тобы «Astana Real Estate Compаny» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Алматы ауданы, А 62 көшесі;

«Астана – Таза су» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы мен Е418 көшесінің қиылысы;

«Проектная компания Астана Девелопмент» ЖШС - Жапсарлас үй-жайлары және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, 1-кезек, 4-полигон, 5-тұрғын үй тобы, Жаркент к-сі, 26;

«Garant Investment» ЖШС - Нұр-Сұлтан қаласында жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені, Есіл ауданы, Тұран және Қабанбай батыр даңғылдарының қиылысы аумағы;

«Аруана - ХХI» ЖШС - көппәтерлі тұрғын үй кешені, Сарыарқа ауданы, Көктал тұрғын алабы, «Дәулеткерей»;

«Белая гора» ТҚК - Коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 34/2, «Silk way».

Тұрғындар бұл мәселелер бойынша «Нұр-Сұлтан Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ге, яғни Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі 8 мекенжайына жүгінуге болады. Ақпаратты телефон арқылы да алуға болады: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30.