Қазгидромет мереке күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

Автор: Azattyq Rýhy

2019 жылғы 14-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзден

«Республикамыздың солтүстік облыстарында қар мен температураның төмендеуін әкелген арктикалық суық фронт оңтүстік, орталық және шығыс облыстары арқылы Алтайға жылжиды. Оның артынан антициклонның ығысуымен Қазақстанның қалған аймақтарында да температураның төмендейді деп күтіледі. Бірақ ол ұзақ болмайды», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

16 желтоқсанда Ресейдің Еуропалық бөлігінен республиканың батыс облыстарына кезекті атмосфералық фронттардың жылжуымен, жауын-шашын және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Республиканың көптеген облыстарында байқалған тұман және көктайғақ осы болжам аралығында да сақталады