Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады
«Nur Otan» партиясы журналистер арасында жыл сайын өтетін «Nur Suńqar» республикалық байқауының басталғаны туралы хабарлайды.
Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады. Сонымен қатар Казақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік тағылымы» атты жаңа номинация белгіленді.
Қазіргі таңда «Nur Suńqar» сыйлығы – қазақстандық журналистердің ең үздік шығармаларына берілетін отандық медиа саласындағы беделді марапаттардың бірі. Сыйлық отандық БАҚ пен журналистиканың дамуына серпін беруді көздейді.
Байқауға еліміздің қоғамдық-саяси тақырыптағы, экономикалық, рухани жаңғыру және партияның бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға арналған, сондай-ақ партия мен оның Лидері Н.Ә. Назарбаевтың қызметі жайлы материалдар қабылданады.
Байқау шарты бойынша 2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 2021 жылдың 18 маусымы аралығында жарық көрген әртүрлі жанрдағы: очерк, сұхбат, мақала, теле және радиохабар, журналистік зерттеу материалдары қабылданады.
Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілінде тапсырылады. Өтініштер 2021 жылдың 20 мамыры мен 18 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:00-ге дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 8 аталым бойынша анықталады:
Жеңімпаздар Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында марапатталады. Байқау жеңімпаздарына ақшалай жүлде мен бағалы сыйлықтар табысталады.
Байқау ережесімен партияның сайтынан танысуға болады. Ал материалдарды ұйымдастыру комитетінің nursunqar2021@nurotan.kz электронды поштасына жолдай аласыз. Қосымша сұрақтар бойынша 8 747 772 72 37 нөміріне Эльмира Жантемироваға хабарласуға болады.