ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда паспорт алуы мүмкін емес - басқарма

Қазақстанда вакцинация паспорты екпенің ІІ компонентін алғандарға ғана беріледі

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова «Шетелде вакцина алған адамға Қазақстанда вакциналау паспорты беріле ме?» деген сауалға жауап берді.

«Егер адам Қазақстан аумағынан тыс жерде екпе алса, ол вакциналау паспортын осы жерден ала алмайды», - деп жауап берді Әлия Рүстемова.

Басқарма өкілінің айтуынша, ол вакциналау паспорты медициналық ұйымдардағы ақпараттық жүйелермен біріктірілген eGov мобильді қосымшасында жасалатынын еске салды.

«Науқас вакцина аулға келген сәттен бастап екінші компонетті салғызған кезге дейінгі әрекеттің бәрі ақпараттық жүйеге енгізіліп, автоматты түрде eGov-та вакциналау паспорты қалыптасады. Онда вакцинаны алған медициналық ұйым, дәрігердің деректері, серияға дейін және қандай вакцина алынғаны нақты жазылған. Сондықтан шетелде вакцина алғандардың Қазақстанда төлқұжат алуы мүмкін емес», - деп түсіндірді Әлия Рүстемова.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Алматыда вакцинация паспортын сатты деген күдікке ілінген емхана қызметкерлері өз еркімен жұмысынан кетті.