$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.05.2021, 09:57
Қоғам

Түркістан облысында 60-тан астам адам жиналған беташар тарқатылды

Той иесіне қатысты заңды шешім қабылдау үшін іс-құжаттар тиісті ведомствоға жіберілді

Түркістан облысында 60-тан астам адам жиналған беташар тарқатылды
фото: polisia.kz

Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік топ тойға жиналған көпшілікті тарқатуда.

Мәселен, Мақтаарал ауданы тұрғынының үйінде «Беташар» тойын өткізіп жатқанын анықталды. Тойға 60-тан астам адам жиналған. Мобильдік топ мүшелері жиналған адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тойды дер кезінде тоқтатты.

Осы тұста карантин талаптарын елемеген той иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ға жолданды.

Түркістан облысының полицейлері барлық азаматқа карантин кезінде сақтық шараларды ұстанып, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауды, басқосу мен той-жиын жасамауды ескертеді.

Серіктес жаңалықтары