Қазақстанда автобус жолағымен басқа көліктердің жүруіне рұқсат етіледі
Үкімет қаулысы жария талқылауға шығарылды
Iшкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті әзірлеген Үкімет қаулысы жобасында көзделгендей, Қазақстанда автобус жолағымен (Bus Lane) көліктің басқа түрлерінің жүруіне рұқсат берілетін уақыт белгіленбек.
Аталған жобада Үкіметтің 2014 жылғы қаулысына «Bus Lane» жолағымен тек қоғамдық көліктердің жүру уақыты таңертең 2 сағат, ал кешке 3 сағат болып өзгерту енгізілмек.
Жария талқылауға шығарылған қаулыда 2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілері бар маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда сағат 07:30-дан 9:30-ға дейін және сағат 17:00-ден 20:00 уақыт аралығында қоғамдық көліктер жүреді және аялдайды, қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүредә және аялдай алады.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтарын құруды, қарбалас уақытта және демалыс күндері арнайы автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешуді тапсырды.