Жыл басынан бері карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңге айыппұл салынды

Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды

Жыл басынан бері карантин талаптарын бұзғандарға 1,1 млрд теңге айыппұл салынды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Биыл 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында Қазақстандағы азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілердің карантин шараларын сақтауын бақылайтын мониторинг тобы 80 352  рейд жүргізіліп, 500 646 нысанды тексерген. Нәтижесінде 14 475 (2,8%) бұзушылық анықталды. Карантин талаптарын бұзу жиі тіркелген өңірлер: ШҚО (3 646), Түркістан(2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962).

Орындалмайтын талаптардың дені: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

Төрт айдан аса уақыт ішінде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның қызметі тоқтатылды.

8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.