Цой вакцина алған азаматтардың арасында КВИ жұқтыру көрсеткіші қанша екенін айтты
Министр коронавирус вакцинасының тиімділігін айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтардың арасында КВИ жұқтыру фактісі төмен екенін атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазақстанда вакцина алған 1,5 млн азаматтың шамамен 0,02%-ы ғана ауырып қалғанын көріп отырмыз. Бұл вакцинацияның тиімділігін білдіреді», - деді министр.
Қазақстанда азаматтарға коронавирус вакцинасын сал ақпан айында басталды. Бүгінге дейін ел азаматтарын вакцинациялауға 2,3 млн доза ұсынылған. Сәуірден бастап елде вакцинациялау қарқыны күшейіп, тәулігіне 11 мыңнан 135 мыңға дейін жеткізілді. Қазақстандықтар үшін үш вакцина: «Спутник V», QazVac және Hayat Vac вакциналары қолжетімді.
Алексей Цойдың айтуынша, 5 мамыр сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 1 млн 507 мың адам вакцинаның 1 компонентін алған. Елде вакцинацияны жүзеге асырып жатқан 11 мың медицина қызметкері бар. Республика бойынша 1400 пункт, оның ішінде 400-ге жуығы көшпелі пункт жұмыс істеп тұр.