Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысы «сары» аймаққа өтті
Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
26 сәуірдегі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта – Шымкент қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.