Былтыр елордада жылу беру маусымы 21 сәуірде аяқталған еді
Биыл Нұр-Сұлтан қаласында жылу беру маусымы 29 сәуірде аяқталады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қалалық мәслихаттың 2014 жылдың 27 маусымындағы «Жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы» шешіміне сәйкес, ауаның орташа температурасы бес тәулік бойы +10 градустан жоғары болса, Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органы жылу маусымын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда өткен маусымда жылу беру 2019 жылдың 30 қыркүйегінде басталып, 2020 жылдың 21 сәуіріне дейін жалғасқан.