«Қызыл» аймақтағы өңірлердің саны қайта 8-ге жетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ақмола облысы «қызыл» аймаққа қайта енді

Коллаж

Ведомствоаралық комиссия 20 сәуірдегі ахуал бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

Бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта сегіз өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

«Сары» аймақта Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр.

«Жасыл» аймақта: Қостанай, Түркістан облыстары.

Еске сала кетейік, 15 сәуірдегі Көліктегі Бас мемлекеттік санитар дәрігер Жанар Оразалина қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, індеттің таралу тәуекелі жоғары «қызыл» аймақтағы әуежай ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізу шектелетін болды. Мұндай шектеу теміржол вокзалдарында да қолданылады.