Театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті
Марқұм биыл 73 жасқа толуы тиіс еді

Кино және театр актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Қайғылы хабар туралы режиссер Асхат Маемиров өзінің Instagram-парақшасында жазған.
А.Маемировтың жазуынша, актриса ауыр дертке шалдыққан.
«Ұлт руханиятының аспаны қара жамылды. Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті», - делінген Маемировтың жазбасында.
Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы консерваториясы) «актерлік шеберлік» факультетін бітірген.