Желі қолданушысы танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмегенін жазған
Қазақстандықтар әлеуметтік желіде жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұрғанын, ал коронавирус жұқтырғандардың статистикасы қолдан жасалады деген пікірн білдіруде. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Facebook қолданушысы еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалары бос тұрғанын, танысы ауруханаға түскенде басқа науқастарды көрмегенін жазған.
«Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Госпитальдар бос тұрған жоқ», – деп хабарланды ведомстводан.
Ведомствоның мәліметінше, 14 сәуірінде еліміздегі жұқпалы аурулар ауруханалардың жүктемесі 40% құрады. Науқастардың басым бөлігі Алматы ауруханаларында тіркелген – 3 430, Алматы облысында – 2 460. Науқастар саны бойынша үшінші орында Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханалары тұр. Пациенттер 1082 төсек-орынға жатқызылды.
Жалпы, еліміздің барлық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазіргі кезде 12 482 төсек-орын қолданылуда.