ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

«Нұрикамал» әнінің жазылуына себеп болған Нұрикамал Сейітжанова дүниеден өтті

Өмірінің соңғы жылдары ол Мемлекеттік тарих институтында еңбек етті

as-clinic.kz

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрикамал Сейітжанова 72 жасқа қараған шағында дүниеден өтті деп жазады 716.kz.

Нұрикамал Сейітжанова еңбек өтілін кеңшарда бастап, мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Әр жылдары мұғалім, Торғайда жастар ісі комитетінің төрағасы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының жетекшісі, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының және облыстық мәдениет басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Өмірінің соңғы жылдары Мемлекеттік тарих институтында еңбек етті. 2003 жылдан бері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Нұрикамал Сейітжанова ақын Ханбибі Есенқарақызы мен композитор Тұрдықылыш Ізтайдың «Нұрикамал» әнін жазуына себеп болған.