«Қызыл» аймақтағы өңірлердің құрамы өзгеріссіз қалды
Ведомствоаралық комиссия 14 сәуірдегі ахуал бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
14 сәуіріндегі жағдай бойынша, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.
Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары «сары» аймақта.
«Жасыл» аймақта тұрған Шығыс Қазақстан мен Түркістан облыстарының қатарына Қостанай облысы қосылды.