Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған өңірлердің саны жетеуге жетті
Сәуірдің алғашқы 5 күнінде 10 мыңға жуық жағдай тіркелген
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда «қызыл» аймаққа жеткен өңірлердің қатары жетеуге жеткенін айтты.
Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 6 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта 7 өңір тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстары.
Министрдің айтуынша, Шымкент қаласы мен Қарағанды облысы «сары» аймақта болса, қалған 8 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.
«Наурызда ақпанмен салыстырғанда науқастардың өсімі 30 пайызға артқанын атап өткім келеді. Мәселен, тәулігіне коронавирус жұқтырған жағдай 1 800-ге дейін тіркеліп отыр. Сәуірдің 5 күнінің ішінде 9 983 жағдай, тәулігіне 2 мыңнан астам науқас тіркелуде», - деді министр Үкімет отырысында.