Сегіз өңір - «жасыл» аймақта
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.
5 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл» аймақта 6 өңір орналасқан: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.
Қазақстан Республикасы әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша «қызыл» аймақта тұр.