$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.03.2021, 16:20
Қоғам

Семейлік оқушылар өзен-көлдерді қоқыстан тазартатын эко-робот жобасын жасады

Жоба авторлары жуырда өнертабысты патенттемек

Семейлік оқушылар өзен-көлдерді қоқыстан тазартатын эко-робот жобасын жасады

Жер шарындағы су көздерінің ластануы - ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл проблема экологтарды ғана емес, Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Аружан Қаймолдина мен Нұрбол Мақтаевты да алаңдатады. Мәселенің шешімі ретінде жастар табиғи су қоймаларын қоқыстан тазалауға арналған робот макетін құрастырып шығарған. Жоба авторлары жуырда өнертабысты патенттемек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЛАСТАНҒАН

Ғалымдардың пайымдауынша, Жер шарындағы су қоймаларының басым бөлігі ластанған. Қарқынды индустриалицация мен тіршілік көзін үнемсіз, бей-берекет пайдалану – аталған жэкологиялық проблеманы тудырған. Жыл сайын Мұхит, теңз бен өзен-көлдерде 400 млрд тоннаға жуық қалдық жиналады екен. Осындай жағымсыз көрсеткіштерге алаңдаған оқушылар мәселені шешудің ерекше әдісін ұсынған. Мектеп оқушылары құрыстырған робот  – судың ластану деңгейін бағалап қанай қоймай, оны қоқыстан тазарта алады. Ол арнайы бақылау камераларымен жабдықталған. Судың беткі қабатын ғана емес, тереңіне сүңгіп, өзен-көлдерді сүзе алады.

«Негізгі тіршілік көздерінің бірі – судың ластануы туралы ақпаратты оқығанымда өз көзіме өзім сене алмадым. Осының барлығы адамның, яғни өзіміздің қолымызбен жасалатындығы өте өкінішті. Сол үшін қалайда бір әрекет жасауды ұйғарып, осы жобамен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап айналыса бастадым. Идеямды жыл сайын мектебімізде өтетін жас өнертапқыштар күнінде көпшілік назарына ұсындым. Қорғаған жобам сайыста жеңіске жетіп, ұстаздарымыз бен достарымның қызығушылығын тудырды. Осының барлығы менің макетті жасауыма алып келді. Дегенмен макетті жасау барысында көмекші қажеттілігі сезіліп, Нұрболға ұсыныс жасадым. Ол қолдау білдірді», - дейді 9 сынып оқушысы Аружан Қаймолдина. 

Нұрбол Мақтаев - WRO-2020 дүниежүзілік LEGO роботтар олимпиадасының жүлдегері. Құлтемір жасаудың шебері десе де болады. Бұған дейін бірнеше роботтың макетін әзірлеген. 

«Біздің мақсат судың бетінен және оның түбінен қоқыс жинайтын және сонымен бірге су қоймасының экологиялық жағдайын бақылайтын роботтандырылған кешен құру. Біз алдымен жұмыс моделін жасай бастадық. Роботтандырылған кешеннің өзі екі бөлікке бөлінді: аэроқайық және жылжымалы қалқымалы механизм. Аэроқайық  роботты кешенді су қоймасы арқылы берілген бағыт бойынша жылжыту функциясын орындады. Жылжымалы қалқымалы механизм су астындағы және үстінде қоқыс жинауды қамтамасыз етеді. Біздің роботтандырылған кешен су астындағы және үстіндегі қоқыстарды жинап, бейнекамералар көмегімен су асты әлемінің жағдайын, оның фаунасы мен флорасын бақылайды», - дейді жоба авторларының бірі, 11 сынып оқушысы Нұрбол Мақтаев.

Жас зерттеушілердің ендігі жоспары токсиндер мен зиянды химиялық қосылыстардан тірі ағзаларға зиян тигізбейтін немесе әсер етпейтін суды тазартатын химиялық заттарға IGW қосу. Сонымен қатар жобаны жетілдіріп, «Дарын» сайысына қатысу және жобаны патентке ұсыну. 

ОҚУШЫЛАР ЖЕРДІҢ ОЗОН ҚАБАТЫН ҚАЛПЫНА ТӘСІЛДЕРІН ҰСЫНДЫ

Су қоймаларын қоқыстан тазалауға арналған  робот  – Семейлік зияткерлік мектеп оқушыларының экологияны қалпына келтіру саласында жасап шығарған жалғыз жоба емес. 10 сынып оқушылары Мағжан Серікбеков пен Диас Маратов «Жердің озон қабатын қалпына келтіру» жобасын жасап шығарды. Олар жердің озон қабатын қалпына келтіру әдіс-тәсілінің теориялық жаңа идеясын  ұсынып отыр. 

«Ғылыми жоба озон қабатының тесілуі, қоршаған ортаға әсері және қалпына келтіруге арналған. Kaz-Ozono-SMJSM – озонатор зауыты озонды өндіреді. Көміртекті материалдармен қапталған озон құбыры арқылы Kaz-Ozono-SMJSM озонаторынан өндірілген озон газын жоғары қысымды компрессор арқылы, 30-50 шақырым биіктіктегі Lockheed Martin компаниясының дирижабль көмегімен стратосфераның озон концентрациясы аз бөлігіне газды тасымалдайды», -дейді Мағжан Серікбеков.

Оқушылар бұл жетістікпен тоқтамақ емес. Олар болашақта жобаны жетілдіре түсуді армандайды.

«Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас зерттеушілері жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінде үздіктер қатарынан көрінді. 10 сынып оқушылары Мағжан Серікбеков пен Диас Маратов жұбы жүлделі 2–ші орынды жеңіп алды. Шәкірттерімізге ғылыми негізде жетекшілік еткен Рая Смағұлова, Шарипа Таласпаева, Азиза Ахтанбердина, Серік Анибаев, есімді ұстаздарымыздың еңбегін атап өткеніміз жөн. Олар оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, ғылымға деген қызығушылығын оятып, әлемде болып жатқан мәселелерге назар салуды үйретеді», - дейді зияткерлік мектептің баспасөз хатшысы Ермек Исабаев.  

Эльмира Мәмбетқызы

Серіктес жаңалықтары