ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Алматыда мерейтой мен үйлену тойы тоқтатылды

Салтанатты шараның біріне 50 адам, біріне 60 шақты адам шақырылған

Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Алматыда мониторинг топтары 1 қаңтар мен 27 наурыз аралығында тексеру жүргізіп, 11 379 нысан қамтылды. Тексеру барысында 1352 нысаның карантин шараларын бұзғаны анықталды. Осы аралықта барлығы 153 млн теңгеден астам сомаға 2119 хаттама толтырылды.

22-27 наурыз аралығында 102 тексеру жүргізіліп, 1286 нысан қамтылды, 263 нысанның карантиндік шараларды бұзғаны анықталды. Заңды және жеке тұлғаларға 932 хаттама толтырылып, жалпы сомасы 47 млн теңгеден асатын айыппұл салынды.

Мәселен, Бостандық ауданының мониторингтік тобы «Бахыт» салтанат залында (Тимирязев көшесі, 42 к) карантин талаптарын бұзу фактісін анықтады. Тексеру барысында 90 адамның қатысқан үйлену тойы өтіп жатқан. Сонымен бірге, «Batyr» мейрамханасында (Хан-Тәңірі ықшамауданы) 50-60 адамның қатысуымен 75 жасқа толу мерейтойының өтіп жатқаны анықталды. Әуезов ауданының мониторингтік тобы «Парасат» мейрамханасында (Ақсай 4 ықшамауданы, 112) 50 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты. Барлық іс-шаралар тоқтатылып, салтанатты жиындарды ұйымдастырушы мен әкімшілікке 425-баптың 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, Бостандық ауданы ПБ жергілікті полиция қызметінің қызметкері карантин режимін бұзу туралы заңды тұлғаға рапорт толтырды.

Жыл басынан бері сот 28 материал бойынша жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады:

  • Медеу ауданы - 8 материал: «Манана» мейрамханасы (қызметін 15 күнге тоқтату), «Пугасов» мейрамханасы (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Бармаглот» бары (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Hookan Dreems» кафебары (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Айлина» мейрамханасы, «Небо» бары, «Rush7gill pub» бильярд клубы (Тыйым салу тоқтағанға дейін қызметін тоқтату туралы сот  шешімі), Виктория бинго клубы (нысанның қызметі қызметке салынған тыйым күшін жойғанға дейін тоқтатылды), «Ordagamecenter» ЖШС компьютерлік клубы (қызметін 1 айға тоқтату), «Loto» клубы (Тыйым салу тоқтағанға дейін қызметін тоқтату туралы сот шешімі)
  • Жетісу ауданы - 4 материал: жеке тұлға Ниязова Ж.А. компьютерный клубы (қызметі 3 айға тоқтатылып, 5 АЕК мөлшерінді айыппұл салынды), «Gameclub» ойын клубы (қызметі 1 айға тоқтатылды), жеке тұлға Қуандыкова Ж.С. ойын алаңы (Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотына жолданды), «ГринККМ» ЖШС лото клубы (қызметі 1 айға тоқтатылды);
  • Наурызбай ауданы - 2 материал: «Премьера» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Таужолы» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды);
  • Түрксіб ауданы - 2 материал: «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені (қызметі 1 айға тоқтатылып, 70 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Talavi» мейрамханасы (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды);
  • Алатау ауданы - 5 материал: «Жақсылық» дәмханасы (100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, қызметі 10 күнге тоқтатылды), «Центр шашлыка» дәмханасы (161 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Шамо» ЖШС бильярд клубы (нысанның қызметі карантин режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды), «Эгоист» компьютерлік клубы (нысанның қызметі карантин режимі аяқталғанға дейін тоқтатылды), «Алатау» СОО (200 АЕК көлемінде айыппұл салынды);
  • Алмалы ауданы - 4 материал: «Finik» мейрамханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Fizika» түнгі клубы (қызметі 3 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Boohouse» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды), «Пират» дәмханасы (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды);
  • Бостандық ауданы - 3 материал: «Sunset»  мейрамханасы (200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды), «Шмель» тавернасы (материалды қарауды тоқтату), «Queer» түнгі клубы «Alfa International Construction and Trade Company» ЖШС жалға беруші (қызметі 1 айға тоқтатылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды).