Қазақстанда «қызыл» аймаққа енген төрт өңір бар

Автор: Azattyq Rýhy

Үш облыс «сары» аймақта орналасқан

көрнекі сурет

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

29 наурыздағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау және Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймақта тұр.

«Сары» аймақта - Ақтөбе, Алматы және Қарағанды облыстары. Қалған барлық өңір - «жасыл» аймақта.