$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2021, 23:02
Қоғам

Алматыда телемедицина мен жедел жәрдем жұмысы күшейтіледі

Телемедицина орталығы үй карантиніндегі ауру белгілері жоқ және ауруы жеңіл 2500-ге жуық науқасқа қызмет көрсетеді

Алматыда телемедицина мен жедел жәрдем жұмысы күшейтіледі

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров COVID-19 бар адамдарға медициналық көмек көрсету және олардың жағдайын бақылау алгоритмін іске асыруды қамтамасыз ететін бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметіне, Телемедицина орталығына, сондай-ақ қалалық денсаулық сақтау жүйесінің штабына барған қала әкімінің орынбасары медициналық мекемелердің қызметкерлерінің жұмысын, сондай-ақ Алматы қаласындағы эпидемиологиялық ахуал одан әрі ушыққан жағдайда жұмысты күшейтуге дайындық мәселелерін талқылады.

Телемедицина орталығында операторлар пациенттің жағдайын бағалайды, емдеуді тағайындайды және науқастың электрондық картасына өзгерістер енгізеді. Орталық өткен жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді.

«Бүгінгі таңда орталық үй карантиніндегі аурудың белгілері жоқ және ауруы жеңіл 2500-ге жуық науқасқа қызмет көрсетеді. Осы мақсатта мұнда 54 дәрігер жұмыс істейді. Орталық дәрігерлері пациенттермен тәулік бойы байланыста. Мамандар таңертең жұмыстары үй стационарындағы пациенттерге қоңырау шалудан басталады. Жағдайы нашарлаған жағдайда науқастарға жедел жәрдем шақырылып, ауруханаға жатқызылады», — деді Телемедицина орталығының басшысы Лаура Мырзағали.

Сонымен қатар, қалада 200-ден астам мобильді топтар жұмыс істейді, олар пациенттердің жағдайын және үйде емделуін қадағалайды.

Сондай-ақ №6 жедел жәрдем қосалқы станциясының жұмысымен танысты.

Коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңіндегі жұмыс тәжірибесін ескере отырып, қалада жедел медициналық көмек қызметінің материалдық-техникалық базасы тұрақты жақсаруда. Бұған дейін қала әкімдігі жедел медициналық жәрдем қызметінің автопаркіне 50 жаңа Hyundai — Н 350 BUS Ambulance автокөлігін берген болатын. Жаңа машиналар сол жерде медициналық көмек көрсетуге және уақтылы емдеуге жатқызуға қажетті заманауи, портативті жабдықтармен, оның ішінде реанимациялық, дефибрилляторлармен, электрокардиографтармен, ӨЖЖ аппараттарымен және басқа да қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жалпы, өткен жылы Жедел жәрдем қызметінің автопаркі шамамен 70%-ға жаңартылды.

Жедел жәрдем машиналарының эпидемияға қарсы және дезинфекциялық режимдерін қатаң сақтау қажеттілігіне басшылықтың ерекше назары аударылды.

Серіктес жаңалықтары