«Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды

«Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды
фото: polisia.kz

Алматы қаласында алаяқтықпен айналысып жүрген жұп ұсталды. 1991 жылы туған К.есімді азамат пен оның 28 жастағы құрбысы - Жамбыл облысының тумалары. Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің ірі көлемдегі ақшасын заңсыз иемденіп алғаны анықталды.

«Қылмыс жасау үшін ұсталғандар интернет-ресурстардың бірінде келесі мазмұндағы жарнаманы орналастырды: «Несие алуға көмектесемін». Потенциалды жәбірленуші хабарласқан кезде, қаскөйлер оны екінші деңгейлі банктердің бірінде шот ашу қажеттілігіне сендіріп, Beeline абонентінің ұялы телефонының нөмірін көрсетіп, бұл карта көрсетілген нөмірге байланған болуы керек деп сендірді. Содан кейін олар азаматтарды несие алу үшін алғашқы төлемнің қажеттілігі туралы сендірді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Күдіктілер Алматы облысына қарасты ауылдардың бірінде ұсталды. Қазір осы екеуінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.