Египеттен ПТР-анықтамасыз келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 14 наурызда Нұр-Сұлтан әуежайына Шарм эль-Шейхтен ұшып келген

көрнекі сурет

15 наурызда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 450 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2 300-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 150 ҚР азаматы тиісі анықтамасыз келген.  

  • Алматы әуежайына – 10 рейс (1 367 жолаушы, анықтамамен – 1 302, анықтамасыз – 65);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 6 рейс (531 жолаушы, анықтамамен - 500; анықтамасыз – 31);
  • Ақтау әуежайына – 2 рейс (барлық 288 жолаушы анықтамамен келген);
  • Қарағанды әуежайына – 1 рейс (138 жолаушы, анықтамамен - 84; анықтамасыз – 54);
  • Шымкент әуежайына – 1 рейс (барлық 126 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Сондай-ақ 14 наурызда шетелден анықтамасыз келген 793 ҚР азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Шарм эль-Шейх (Египет) қаласынан ұшып келген.