15.03.2021, 10:15
Қоғам
Түркиядан ұшып келген ҚР азаматынан коронавирус анықталды
14 наурызда 800-ге жуық Қазақстан азаматы ПТР-анықтамасыз келді
14 наурыда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 32 халықаралық әуе рейсімен 4 646 жолаушы келді. Келген жолаушылардың 3 853-інде ПТР-анықтамасы болса, қалған 793 ҚР азаматында тиісті құжат болмаған.
- Алматы әуежайына – 19 рейс (2 783 жолаушы, анықтамамен - 2 365, анықтамасыз – 418);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 9 рейс (1 295 жолаушы, анықтамамен - 920; анықтамасыз – 375);
- Шымкент әуежайына – 2 рейс (барлық 274 жолаушы анықтамамен келген);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (барлық 146 жолаушы анықтамамен келген);
- Атырау әуежайына – 1 рейс (барлық 148 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 13 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз келген 401 Қазақстан азаматының бірінен коронавирус анықталды. Ол Ыстанбұл қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген.
Көп оқылған
14.02.2026, 14:38
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қанша сыйақы алады
14.02.2026, 11:40
Олимпиада-2026: бүгін 17 отандасымыз жарыс жолына шығады
14.02.2026, 17:08
Елімізде бірқатар цифрлық қызмет уақытша қолжетімсіз болады
14.02.2026, 16:42
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады
Бүгін, 15:44
Астанада LRT маңындағы аялдама өртенді (ВИДЕО)