$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.03.2021, 11:20
Қоғам

Қазақстанда коронавирустан 25 полицей қайтыс болды – ІІМ

Бір аптада 1,5 мың полиция қызметкері коронавирусқа қарсы екпе салдырды

Қазақстанда коронавирустан 25 полицей қайтыс болды – ІІМ
көрнекі сурет

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Сенаттағы Үкімет сағатында елімізде бір апта ішінде 1,5 мың полиция қызметкері коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын мәлімдеді.

«Пандемия басталғалы коронавирус жұқтырған 6,5 мың полиция қызметкері болды. Өкінішке қарай, 25 әріптесіміз қайтыс болды», - деді министр.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, өңірлерге вакцина жеткізіліп жатыр. Ұлттық ұлан қызметкерлері, қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары – бәрі вакцина алмақ.

2021 жылдың 1 ақпанынан елімізде КВИ-ге қарсы «Спутник V» вакцинациясын салу басталды. Вакцинация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Бірінші кезекте, коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары азаматтар (медицина қызметкерлері, педагогтар, күш құрылымдарының қызметкерлері) екпе салдырады.

Сәуір айынан халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқандар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялау жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары