Ол Қырғызстаннан ұшып келген
10 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Мальдив Республикасы, Египет, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 22 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Келген жолаушылардың 2598-інде теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 374 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 10 наурызда Қырғызстаннан Алматы қаласының әуежайына ПТР-анықтамасыз ұшып келген Өзбекстан азаматы депортацияланды.