Жасы 5-тен асқан оқушылардың бәрі мектепте маскамен жүруге тиіс - Бекшин

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты

көрнекі фото

Наурыздан бастап Алматы қаласындағы оқушылардың дені аралас оқыту форматына көшіп, мектепке барып жүр. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жасы 5-тен асқаан оқушылардың бәрі мектепте маскамен жүруге тиіс екенін айтты.

«Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, 5 жасқа дейінгі балалар ғана маскасыз жүре алады. Бұл мектептің басқа да қызметкерлері мен ұстаздарына қатысты», - деп түсіндірді ол.

Қалалық санитарлық экпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының айтуынша, қазір балалар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы жиілеген. Мәселен, былтыр пандемия басталғалы 281 оқушы ауырса, биыл жыл басынан бері (2 айда – ред.) 500 оқушы ауырған. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде де жұқтыру көрсеткіші артқан.