$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.03.2021, 11:23
Қоғам

«Сары» аймаққа енген Алматыдағы мешіттерде жұма намазы оқылмайтын болды

Қала мешіттерінде жұма намазының орнына бесін намазы оқылады

«Сары» аймаққа енген Алматыдағы мешіттерде жұма намазы оқылмайтын болды
фото: muftyat.kz

Коронавирус таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының аймақтар бойынша жаңартылған деректері мен эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы 4 күн бұрын қайтадан «сары» аймаққа енді.

Осыған орай Алматы қаласы мешіттерінде 5 наурыз күні жұма намазы уақытша оқылмайды. Оның орнына карантиндік талаптар мен санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып әдеттегідей бесін намазы оқылады.

«Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі мұсылман бауырлар! Ел ішінде орын алған осындай сындарлы сәттерге түсіністікпен қарап, жұртымыздың тыныштығы мен амандығы үшін дұғада болуларыңызды сұраймыз», - делінген Алматы қалалық Орталық мешітінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік,  Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 5 наурызда Алматы мешіттерінде толымдығы 30 пайызбен жұма намазын оқуға рұқсат етілген болатын. Қаланың «сары» аймаққа енуіне байланысты бұл қаулының күші жойылды.

Алматы қаласында былтыр 16 наурыздан бастап жұма намазын оқуға рұқсат жоқ.

Серіктес жаңалықтары