ШұғылКоронавирус вакцинасын салдырған қазақстандықтар саны 700 мыңға жуықтады

Карантин талаптарын бұзған қостанайлықтарға жыл басынан бері 18 млн теңге айыппұл салынды

Карантин талаптарын жиі бұзатын мекемелердің тізімі жарияланды

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қостанай облысы аумағында шектеу шаралары жеңілдетілгенмен, мониторинг топтардың жұмысы тоқтаған жоқ. Күніне орташа есеппен карантин талаптарын бұзу бойынша 5-тен 16-ға дейін дерек тіркеледі. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Нақтырақ айтқанда: белгіленген кестеден артығымен жұмыс істейді, мекеме қызметкерлері маска тағу режимін сақтамайды, ойын-сауық орындарында рұқсат етілген шамадан көп адам қабылдау фактілері тіркелген, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүлдем орындалмайды, кейбір қоғамдық тамақтану орындары топтық іс-шаралар өткізуді тоқтатпаған.

Жыл басынан бері Қостанай облысындағы мониторинг топтары 10 765 нысанды тексеріп, 300-ден астам карантин шараларының бұзылғанын анықтады. Карантиндік шараларды сақтамағаны үшін барлығы 248 хаттама толтырылып, 18 793 389 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынған. Оның ішінде 63 әкімшілік айыппұл (2 859 492 теңге) облыс тұрғындарының жаппай іс-шаралар өткізу, шектеу режимін, маска тағу бойынша қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін салынған.

Олардың қатарында:

«Белая юрта» демалыс базасы, «Арсенал» ЖҚС, «Палазцо» мейрамханасы, «ХО» кафесі, «Оле» ойын-сауық орталығы, «Флора» дүкені, «Оксана» дүкені, «Магистраль» кафесі, «Вера» және т.б., сондай-ақ облыс тұрғындарының топтық отбасылық іс-шараларды үйде өткізуі фактілері де бар.