Дубайдан ұшып келген 4 азаматтан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың төртеуі де БАӘ-ден Алматы әуежайына келген

көрнекі фото

28 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 23 халықаралық әуе рейсімен 3 210 жолаушы келді. Олардың қатарында 2 481 қазақстандықта теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 729 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.

  • Алматы әуежайына – 15 рейс (2 033 жолаушы, анықтамамен – 1 693, анықтамасыз – 340);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 8 рейс (1 177 жолаушы, анықтамамен - 788; анықтамасыз – 389).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

27 ақпанында шетелден анықтамасыз келген 473 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олардың бәрі Дубайдан (БАӘ) Алматы қаласына ұшып келген.