Желтоқсан айында және Жаңа жылда қалай демаламыз?

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар желтоқсанда барлығы 12 күн демалады

Желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнімен қатар, Тәуелсіздік күнінде де демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні жексенбіге түскендіктен, демалыс күні 2 желтоқсан, яғни дүйсенбіге ауысады. Ал Тәуелсіздік күнінде қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсан күндері жұмыс істемейді. Осылайша, қазақстандықтар желтоқсан айында барлығы 12 күн демалады. Ал жұмыс күндерінің саны – 19. 

Жаңа жылда да, әлбетте, ел халқы демалып, мереке күндерін атап өтеді. Қазақстандықтарға 2020 жылдың алғашқы күндерінде, яғни 1-4 қаңтар аралығында демалыс беріледі. 5 және 6 желтоқсан - жұмыс күндері. Ал 7 желтоқсанда тағы демалады.