Өзін зейнетақы қоры қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар Ресейде тіркелген
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтар тарапынан жалған ақпарат таратылып жатқаны туралы хабарлайды.
Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және зейнетақыны қайта есептеуге керек деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды. БЖЗҚ мұндай спам-хабарламаның Ресейде бірнеше ай бойы жүзеге асырылғанын және қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.
«БЖЗҚ кезекті рет осындай жіберілімдерді жүзеге асырмайтынын және телефон арқылы жеке деректер мен сіздің банктік картаңыздың деректерін сұрамайтынын хабарлайды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеруді сұрайды.