17.02.2021, 10:35
Қоғам
Мальдивтен оралған қазақстандықтан коронавирус анықталды
Ол Алматыға Мале қаласынан ұшып келген
16 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мальта, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 972 жолаушы келді. Олардың ішінде 1 759 жолаушыда ПТР-анықтамасы болса, қалған 213 азамат тиісті анықтамасыз келді.
- Алматы әуежайына – 9 рейс (1 622 жолаушы, анықтамамен - 1 413, анықтамасыз – 209);
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс (350 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз – 4).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 15 ақпанда елге ПТР-анықтамасыз келген 383 қазақстандықтың бірінен коронавирус анықталды. Ол Мальдив астанасы – Мале қаласынан Алматы әуежайына ұшып келген.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті