Облыс аумағында шектеу шаралары 14 ақпаннан 27 ақпанға дейін ұзартылады
Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы 30 қаңтардағы қаулысына өзгерістер енгізді.
Мешіттерде 100 адамнан аспаған жағдайда (мешіт сыймдылығының 30%-на дейін) намаз оқуға (бес уақыт), ұжымдық құлшылық жасауға рұқсат етіледі. Ал, сыйымдылығы 150 адамға дейін, жамағат саны 25%-дан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мешіттерде ғана жұма намаз өткізуге рұқсат берілген.
Сондай-ақ қаулыда медициналық немесе матадан тігілген масканы дұрыс тағу талаптары нақты көрсетілген: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс.
Қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлеп емдеуге түсетін, тұрғылықты жері жоқ адамдар ПТР-тестілеуден өтеді.